Астанаға Түркиядан «Галатасарай» жанкүйерлері өте аз келетіні белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 қыркүйек күні УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде сырт алаңда ойнайтын «Галатасарай» клубының Астанаға келетін жанкүйерлерінің саны шамамен 200-300 адам. Оның өзі түркиялық клубтың қызметкерлері немесе ресми әріптестерінің өкілдері ғана. Бұл туралы бүгін «Астана» клубының бас менеджері Қайсар Бекенов мәлім етті.

Астанаға Түркиядан «Галатасарай» жанкүйерлері өте аз келетіні белгілі болды

«Біздегі мәлімет бойынша, «Астана»-«Галатасарай» матчында қонақтар тарапынан жанкүйелер өте аз келеді. Шамамен 200-300 адам келеді деп күтілуде, оның өзі - клубтың қызметкерлері немесе команданың ресми әріптестері. Яғни, матчқа «Галатасарайдың» жанкүйерлері ағылып келмейді», - деген Қ.Бекенов бұл сөзіне мынандай дәлел келтірді.

«УЕФА-ның регламентіне сәйкес, қонаққа келетін команда мачт өтетін стадионның жалпы сыйымдылығына сәйкес, билеттердің 5 пайызын сатып ала алады. Ал «Астана-Арена» стадионының сыйымдылығы бойынша, 5 пайыз дегеніміз - 1500 билет. Бірақ, осы аптада «Галатасарай» командасы бізге ресми хат жолдады. Хатта көрсетілгендей, команда осы квотаны, яғни, 1500 билетті сатып алмайтынын растады. Есесіне, бұл билеттер енді өз жанкүйерлерімізге салытатын болды», - деп түсіндірді Қ.Бекенов.

Естеріңізге сала кетейік, 30 қыркүйек күні «Астана-Арена» стадионында өтетін «Астана»-«Галатасарай» билеттерінің 80 пайызы сатылып кеткен.