12:28, 22 Қараша 2014 | GMT +5
Астанаға ұмытылмас бокс кешiн сыйлағым келедi - Г. Головкин
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин болашақта жекпе-жектiң бiрiн Қазақстан астанасында өткiзудi жоспарлауда. Бұл туралы ол бүгiн Астанадағы Назарбаев Университетiнде отандық жанкүйерлермен және БАҚ өкiлдерiмен кездесуi барысында мәлiм еттi.

"Мен Астанада жекпе-жек өткiзудi қатты армандап жүрмiн. Бұл ойымды Астана әкiмiне айттым. Елордаға ұмытылмас бокс жекпе-жегiн өткiзсем деймiн. Бұл мүмкiн. Қазақстан астанасында үлкен бокс кешi болғанын қалаймын. Қашан болатынын әзiрге бiлмеймiн, бiрақ ондай ой бар", - деп атап өттi Головкин.