Астанаға жақын ауылдарда 300 орындық екі жаңа мектеп пайдалануға беріледі - Ақмола облысы (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биыл Целиноград ауданында әрқайсысы 300 оқушыға арналған екі жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің ауданға жұмыс сапары барысында айтылды.

Астанаға жақын ауылдарда 300 орындық екі жаңа мектеп пайдалануға беріледі  - Ақмола облысы (ФОТО)

Еске сала кетейік, осы күні Целиноград ауданының Талапкер ауылдық округіне қарасты №96 разъезде және Тайтөбе ауылында 300 орындық жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Аталған білім ордаларының екеуі де жоспар бойынша 2013 жылы пайдалануға берілуі керек еді. Алайда, мердігерлердің салғырттығынан құрылыс жұмыстары созылып, биылғы жылы ғана аяқтау көзделіп отыр. №96 разъездегі орта мектептің құрылысына барлығы 547 миллион теңге қаржы бөлінген. Құрылыс жұмыстарын 2011  жылы мердігер «Алмат Көкшетау» ЖШС қолға алып, кейін аяқсыз қалдырған. Осы күні сот арқылы аталған нысанның құрылысы «Қазбайлық Астана» серіктестігіне беріліп отыр.

Серіктестік басшысы Нұртай Хабдулиннің сөзіне қарағанда білім ордасын биылғы жылдың қыркүйек айында тапсыру жоспарланған.

Тайтөбе ауылындағы мектептің құрылысы да алғашқы мердігердерден сот арқылы тартып алынып, «Электросетьстрой» серіктестігіне сеніп тапсырылған. Бұл нысанды алдағы жиырма күннің ішінде аяқтау көзделеген. Қазіргі кезде негізгі жұмыстар аяқталған. Ғимарат маңы аббаттандырылу үстінде.

Аталған білім ордаларының құрылысымен танысқан аймақ басшысы мердігерлерге барлық жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

null null null