Астаналық 28 сарбаз мемлекеттік күзет қызметінде әскери міндетін өтейді

Елордада мемлекеттік күзет қызметіне шақырылған сарбаздар әскери міндетін өтеуге салтанатты түрде шығарып салынды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

сарбаз
Фото: Адлет Беремкулов/ҚазАқпарат

«Астана қаласы қорғаныс істері департаментінің мемлекеттік күзет қызметі бөлімшесін жасақтау жоспарына сәйкес 28 сарбаз әскери міндетін өтеуге жіберіліп жатыр. Олар отан алдындағы борышын мемлекеттік күзет қызметінде өтейді. Бүгін салтанатты іс-шара әскерге шақырылушыларға жергілікті әскери басқару органдарының көзқарасын көрсету үшін ұйымдастырылып отыр. Сарбаздың жоғары білім болған жағдайда әскерден кейін келісімшарттық қызметке қалуға және болашақта офицерлік лауазымдарға үміткер болуға мүмкіндігі бар», - деді Қазақстан Қарулы күштері бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің бастығы генерал-майор Бауыржан Артықов.

Одан бөлек, сарбаздар жоғары оқу орындарымен жасалған меморандум негізінде әскери міндетін өтей жүріп, 6 айдан кейін оқуға түсуге дайындықпен айналыса алады.

сарбаз
Фото: Адлет Беремкулов/ҚазАқпарат

 

«Қарулы күштер мен басқа да әскерлердің жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдірушілер медициналық комиссиядан өтеді және оқуға түсуге үміткер ретінде ҰБТ-сыз қабылданады. 60-тан астам жоғары оқу орындары қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін сарбаздар ерікті түрде оқуға түсуге өтініш бере алады. Әскерге шақырылушылар Астанада мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшесінде өтейді», - дейді ол.

Мемлекеттік күзет қызметінде әскери міндетін өтеушілердің арасында қазақстандық танымал тележурналист Динара Сәтжанның ұлы да бар.

Сарбаз
Фото: Фото: Адлет Беремкулов/ҚазАқпарат

 

«Мен ұлымның шешімін қолдаймын, ол өз еркімен қабылдады. Әскердегі бір жыл отан алдындағы әскери міндетін өтеу. Бұл ұлымның азаматтық борышы. Әскерден кейін әр сарбаз одан күштірек болатынына сенімдімін. Еліміздің қауіпсіздігі өте маңызды екенін түсіну керек. Менің ойымша, әскери міндетті барлығы өтеуі тиіс», - дейді тележүргізуші.