Астаналық әйел бірге тұрған адамның көлігі мен 23 млн теңгесін алып кеткен

Оқиға 20 желтоқсан күні Қосшы қаласында болған. Көлігі мен ақшасынан елордалық тұрғын полицияға өтінішпен хабарласқан, деп хабарлайды Kazinform polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

ұсталды
Фото: Kazinform

Ер адамның айтуынша, Қосшыға бірге келген, өзімен бірге тұратын әйел оған тиесілі Lexus 570 автокөлігімен кетіп қалған. Жол талғамайтын көліктің артқы орындығында 23 000 000 теңге салынған сөмке бар екенін жеткізді. 

52 жастағы әйел жалдамалы пәтерде ұсталды. 

Бұл факт ҚР ҚК 389-бабы 2-бөлігі бойынша тергелуде, қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.