21:50, 22 Маусым 2024 | GMT +5
Астаналық хоккейшілер Халықаралық Олимпиада күнін атап өтті
АСТАНА. KAZINFORM — Халықаралық Олимпиада күнін тойлау аясында Астанада интерактивті хоккейден турнир өтті.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, турнирге 4 астаналық команда қатысты (2012): «Номад», «Астана-1», «Астана-2» және «Бригантина».
Бірінші кезеңде балалар киберхоккейден ұпай жинаса, екінші кезеңде кросс-айс форматында мұз айдынындағы жарыста бақ сынады. Нәтижесінде, «Номад» командасы турнирдің жеңімпазы атанды.
Қатысушылардың барлығы ресми серіктестер Coca Cola Kazakhstan, Prima Distribution - мен бірлескен Galmart супермаркеттер желісінен естелік сыйлықтар алды.