Астаналық шабандоз «Тур Сибиу» жеке жарысында жеңіске жетті
АСТАНА. KAZINFORM – «Astana Qazaqstan Development Team» командасының шабандозы Макс Уолкер Румыниядағы «Тур Сибиудың» екінші күнінде жеке жарыста жеңіске жетті. Бұл туралы Sports.kz жазды.
Сибиуде румыниялық көпкүндік жарыс кеше басталды. Бүгін екі жартылай кезең бойынша велоспортшылар сынға түсті: таңертеңгі 103 шақырымдық топтық жарыс және кешкі 3,3 шақырымдық қысқа жарыс.
Макс Уолкер Румыниядағы екінші кезеңде жеңіске жеткенен кейін жарыс туралы пікір білдірді.
«Шынымды айтсам, жартылай кезең қиын болды. Әсiресе соңында бар күшімді салдым. Мен жеңiс үшiн күрескiм келдi, бiрақ бастапқы кезеңде жақсы нәтиже көрсете алмадым. Сондықтан мен кезеңнің екiншi жартысына барынша дайындалып, жүлдеге қол созуға тырыстым. Кешке мен өзімді жақсы сезіндім және жарысқа дайын болдым. Қашықтық қысқа, бірақ техникалық жағынан күрделі болды. Қуанышқа орай, біз жеңіске жеттік. Мен бүгінгі күнді сәтті аяқтағаныма қуаныштымын», - деді Макс Уолкер.