Астаналық спортшылар конкурдан халықаралық жарыста 33 медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Елордалық спортшылар Ресейдегі конкур жарысынан 33 медаль жеңіп алып, үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық спортшылар конкурдан өткен халықаралық жарыста 33 марапатқа ие болды
Фото: Астана әкімдігі

Челябинск қаласында «Рифей» олимпиадалық резервінің спорт мектебінің базасында беделді ат жарысы өтті. Онда елордалық спортшылар дайындығының жоғары деңгейде екенін көрсетті. 

Бұл спорттық бәсекеге Астананың атынан «Арғымақ» ат-спорт кешенінің шабандоздары қатысты. Турнир қорытындысы бойынша елордалық спортшылар 12 алтын, 10 күміс және 11 қола жүлдеге ие болды.

Жарыс
Фото: Астана әкімдігі

Жарыс үш жас санатында өтті: балалар, жасөспірімдер және ересектер. 

«Балалар» номинациясы бойынша астаналық жас қатысушылар үшін бұл алғашқы халықаралық жарыс болды. Олар Қазақстанның намысын абыроймен қорғады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін астаналық спортшылардың гимнастикадан әлем кубогында қола жүлдеге қол жеткізгенін хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар