Астаналық жасөспірімдер шорт-тректен әлем чемпионатында тарихи жетістікке жетті

АСТАНА. KAZINFORM – Елорда спортшылары шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізді. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Астаналық жасөспірімдер шорт-тректен әлем чемпионатында тарихи жетістікке жетті
Фото: Астана әкімдігі

Канададағы Калгари қаласында жасөспірімдер арасында шорт-тректен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл додада Қазақстан құрамасы ерлер арасындағы 3 000 метрлік эстафетада және аралас командалық 2 000 метрлік эстафетада тарихи қола жүлдені иеленді. 

Айта кетерлігі, бұл жетістікке Астана қаласының үш спортшысы – Дінмұхамедәлдияр Тәжібай, Нұрлан Қайырбеков және Богдан Вехов үлесін қосты.

Осылайша, Астана қаласының спортшылары әлемдік деңгейдегі бәсекеде екі бірдей қола медаль жеңіп алып, ел намысын абыроймен қорғады.

Бұған дейін шорт-тректен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бір күміс, үш қола медаль алғанын жазған едік.