Астаналықтар әйелдер күресінен ел біріншілігінде топ жарды
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Астана қаласында күрес түрлерінен ересектер арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында әйелдер күресінен астаналық арулар жалпы есепте топ жарды.

Астаналық бұрымды білектілер 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медальға қол жеткізсе, Қарағанды облысының балуандары 1 алытн, 4 күміс медаль жеңіп алып, екінші орынға ие болды. Ал жалпы есепте 1 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль иеленген Алматы қаласының қыздары үздік үштікті түйіндеді.
Облыстар ара жалпы медальдар кестесі:
Астана қаласы - 4 алтын, 1 күміс, 2 қола
Қарағанды облысы - 1 алтын, 4 күміс
Алматы қаласы - 1 алтын, 2 күміс, 3 қола
Ақмола облысы - 1 алтын, 1 күміс, 1 қола
Шымкент қаласы - 1 алтын, 1 қола
БҚО - 1 алтын, 1 қола
Абай облысы - 1 алтын
Алматы облысы - 1 күміс, 3 қола
Түркістан облысы - 1 күміс, 4 қола
Павлодар облысы - 1 қола
Қостанай облысы - 1 қола
СҚО - 1 қола
Жетісу обл. - 1 қола
Ел біріншілігі даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» спорт сарайында өтіп жатыр.
Ел біріншілігіндегі кіл мықтыларды анықтайтын дода әр күн сайын сағат 10.30-да басталады.

Ұлттық біріншілікте еліміздің 17 облысы мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан 600-ден астам күрес шеберлері қатысып жатыр.
Қазақстан чемпионатының нәтижесіннен кейін Бішкекте (Қырғызстан) өтетін Азия аймақтық, Ыстанбұлда (Түркия) өтетін әлемдік іріктеу турнирінде бақ сынайтын балуандардың есімі белгілі болмақ.