Астаналықтар сол жағалаудан оң жағалауға қанша уақытта жетеді
АСТАНА.KAZINFORM - Sergek ITS мамандары тұрғындардың сол жағалаудан оң жағалауға және керісінше жолға жұмыс және демалыс күндері қанша уақыт жұмсайтынын анықтады.
Маршрут нүктелері ретінде сол жағалаудағы Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталығы және оң жағалаудағы Бөгенбай батыр мен Республика даңғылдарының қиылысы таңдалды.
Оң жағалау бағыты бойынша ең тығыз күндер – дүйсенбі мен бейсенбі.
Mega Silk Way-ден Бөгенбай батыр – Республика қиылысына Қабанбай батыр даңғылы арқылы жету уақыты:
- Жұмыс күндері: 2 сағат 12 минут (жолдағы қозғалыс қызған шақта)
- Демалыс күндері: 2 сағат 19 минут (жолдағы қозғалыс қызған шақта)
- Кептеліссіз – 32 минут
Сол жағалау бағыты бойынша ең тығыз күндер – сәрсенбі мен жұма.
Богенбай батыр даңғылынан Mega Silk Way-ге Қабанбай батыр даңғылы арқылы жету уақыты:
- Жұмыс күндері: 2 сағат 8 минут (жолдағы қозғалыс қызған шақта)
- Демалыс күндері: 2 сағат 17 минут (жолдағы қозғалыс қызған шақта)
- Кептеліссіз – 25 минут
Сол және оң жағалаулар арасындағы ең жылдам маршрут Тұран даңғылы арқылы өтеді: тәуліктік орташа уақыт – 50 минут, ал Қабанбай батыр даңғылы арқылы – 58 минут.
Кешкі қозғалыс қызған шақта:
- Оң жағалауға: Тұран және Мәңгілік ел даңғылдары арқылы – 1,5 сағат, Қабанбай батыр даңғылы арқылы – 2 сағатқа жуық.
- Сол жағалауға: Тұран даңғылы арқылы – 1 сағаттан сәл артық, Қабанбай батыр даңғылы арқылы – 2 сағат 15 минут.
Қабанбай батыр даңғылының жүктемесі оның транзиттік көше ретіндегі рөлімен, 32 бағдаршаммен және Қосшыдан келетін көлік ағымымен байланысты.
Осыған дейін Астанадан Бурабайға 2,5 сағатта жеткізетін пойыз іске қосылғанын жаздық.