Астаналықтар тасқын аймағына тағы 1 мың тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберді

гумкөмек
Фото: Астана әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM — Астанадан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 1 мың тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберілді. Бүгін елордалық спортшылардың, дене шынықтыру және спорт басқармасының күшімен тағы 8 тонна гуманитарлық көмек жиналып, Қостанай облысына жіберілді, деп хабарлайды елорда әкімдігі. 

Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит әріптестеріне қазіргі қиын жағдайда көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.

«Еліміздің бірнеше өңірінде су тасқыны болып жатыр, қазақстандық еріктілер қиын сәтте ешқашан шетте қалмайды. Көптеген отандастарымыз су тасқынынан зардап шеккендерге көмектеседі. Астана спортшылары әрқашан көмек қолын созады. Бүгін елорданың дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты мекемелер қызметкерлерінің қатысуымен Қостанай облысына гуманитарлық көмек жіберіліп жатыр», — деді Василий Левит.

көмек
Фото: Астана әкімдігі

Сондай-ақ, елордалық спортшылар Илья Ильин, Василий Тахтай, Сергей Цырульников, Абзал Ажгалиев, Мерей Ақшалов, Айтым Жақыпов және каратэ федерациясының, гимнастика федерациясының өкілдері су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетуде.

Гуманитарлық көмек жинау әлі де жалғасып жатыр.

Бұған дейін AMANAT партиясының Астана қалалық филиалының күшімен «Жастар рухы» жастар қанатымен, «Астана жастары» еріктілерімен бірлесіп, қала әкімдігінің, қалалық мәслихат депутаттарының, қоғам қайраткерлерінің, үкіметтік емес ұйымдардың, шағын, орта және ірі бизнес иелерінің қолдауымен гуманитарлық көмек жиналып, өңірлерге жолданды.

көмек
Фото: Астана әкімдігі

Сонымен қатар, елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы Достық үйінің базасында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинау бойынша әлеуметтік акция ұйымдастырды.

Көмек Ақмола және Қарағанды облыстарының тұрғындарына жеткізілді.

көмек
Фото: Астана әкімдігі

Зардап шеккендерге киім, тамақ, гигиена құралдары, төсек-орын, ыдыс-аяқ және дәрі-дәрмек жиналды.

Естеріңізге сала кетейік, елордада гуманитарлық көмекті қабылдайтын 9 пункт жұмыс істейді, жиынға 30-ға жуық еріктілер ұйымы қатысады.

көмек
Фото: Астана әкімдігі

Күн сайын 200-ден астам ерікті қажетті заттарды сұрыптап жібереді. 

Жиналған көмектің ішінде киім, азық-түлік, гигиена құралдары мен аяқ киім маңызды.

Еріктілер қаржылық көмек қабылдамайды. 

Ниет білдірушілер жинау орындарына қажетті заттарды жинап, әкеле алады.

көмек
Фото: Астана әкімдігі

 

Соңғы жаңалықтар