Астаналық 10-сынып оқушысы әлемнің үздік 50 шахматшысының тізіміне енді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астаналық оқушы Меруерт Камалиденова Италияның Каттолика қаласында өткен Grandiscacchi International Chess Festival 2022 чемпионатында әлемнің ТОП-50 үздік шахматшысының тізіміне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында қалалық №54 мектеп-лицейінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Өздеріңізге белгілі, мектебімізде шахматтан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы білім алады. Нақтырақ айтсақ, мектебіміздің 10-сынып оқушысы Меруерт Камалиденова есімі бүгінде кеңінен танымал. Ол туралы, оның жетістіктері туралы осыған дейін де талай жазған болатынбыз. Бүгін тағы да сіздерден сүйінші сұрайтын қуанышты сәт! Шахматтан халықаралық қыздар шебері Меруерт оқушымыз жақында Италияның Каттолика қаласында өткен Grandiscacchi International Chess Festival 2022 чемпионатында азулы қарсыластарын шаң қаптырып, өте жоғары көрсеткішке ие болды. Осылайша әлемнің ТОП-50 үздік спортшысының тізіміне енді» делінген мектеп таратқан мәліметте.

Меруерт Камалиденова — қазақстандық шахматшы, халықаралық спорт шебері, жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы.

Бірнеше рет Қазақстан атынан әлем және Азия чемпионатында әртүрлі жас топтарында өнер көрсеткен.

14 жасқа дейінгі қыздар арасындағы шахматтан әлем чемпионатында, шахматтан қыздар арасындағы Азия чемпионатында жеңіске жеткен.

Қыздар арасында 2021 жылғы Қазақстан чемпионы.

2021 жылы әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионатының ширек финалисі атанды, үшінші тақтада жекелей сында қола медаль жеңіп алды.

Турнирлердегі табысы үшін FIDE Меруерт Камалиденоваға 2019 жылы қыздар арасындағы халықаралық шебер (WIM) атағын берді.

Былтыр шахматшы Үндістанда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында 14 жасқа дейінгі қыздар арасында алтын жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар