10:11, 28 Шілде 2012 | GMT +5
Астаналық «Алаш» базарының 2 жұмысшысы құдықта жұмыс істеу барысында ысты газға уланып, көз жұмды - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат - Астаналық «Алаш» базарының 2 жұмысшысы электр қозғалтқышты ауыстыру кезінде құдықта ысты газға уланып, көз жұмды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Кеше Астанада «Алаш» базарының 24 және 22 жастардағы екі жұмысшысы электр қозғалқышты ауыстыру кезінде құдықта ысты газға уланып, ажал құшты. Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша Шұғыл құтқару қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.