Астаналық ардагерлер 9 мамырда Astana Taxi қызметін тегін пайдаланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 мамыр Жеңіс күнінің құрметіне орай Astana Taxi ҰОС ардагерлерін тасымалдау үшін 45 автокөлік ұсынады,  деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астаналық ардагерлер 9 мамырда Astana Taxi қызметін тегін пайдаланады

"Бұл біздің ұлы мереке туралы естелік пен батырларымызға қосқан кішігірім үлесіміз, олардың даңқы мәңгі жасай берсін!" - деді тасымалдау компаниясының өкілдері.

Естеріңізге сала кетейік,  Astana Taxi жобасы астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 2017 жылы 2 мамырда Мемлекет басшысының бірыңғай такси қызметін құру туралы тапсырмасын орындау мақсатында ашылған болатын. Astana Taxi құрамында 380 автомобилі бар 10 ресми тасымалдаушы біріктірілген.