Астаналық ардагерлерге көмек көрсетуге бизнесмендер тартылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 қаңтар күні Астана әкімдігінде қала басшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен кезекті аппараттық отырыс өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
None
None

Оның барысында Ә.Жақсыбеков тоқталған негізгі тақырыптың бірі - ардагерлер мен қарт адамдарды қолдау бойынша жүргізіліп жатқан әлеуметтік іс-шаралар болды. Әкім қарт адамдарға тұрақты түрде көмек көрсететін акция ұйымдастыруды тапсырды. Бұл тәрбиелік, моральдық және психологиялық сипаттағы да іс-шаралар болуы тиіс.

- Біз Елбасымыздың Жаңа жыл қарсаңындағы ардагерлерді қолдау бойынша бастамаларын жалғастыруымыз қажет. Бұл бір реттік акция болмауы тиіс және Жеңіс күнінен кейін бірден аяқталып қалмауы шарт. Акция тұрақты түрде жүргізілуі керек, - деді қала басшысы. Елорда әкімі тиісті қалалық құрылымдарға колледждермен және ЖОО-лармен бірлесе отырып, ардагерлерге, ҰОС-қа қатысқандар мен тыл еңбеккерлеріне, сонымен қатар басқа да қарт адамдарға көмек көрсету жөніндегі шараларды ұйымдастыруды тапсырды. Отанға деген сүйіспеншілікті бойларына сіңіру мақсатында орта мектеп оқушылары мен ардагерлердің кездесулерін ұйымдастыру, патриоттық сабақтар өткізу қажет. Сонымен қатар Ә.Жақсыбеков қала басшысының орынбасарларына елордалық ардагерлерге жан-жақты көмек көрсетуді бизнес құрылымдар арқылы ұйымдастыруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар