Астаналық аяқдопшылар Анталияда Ресейдің «Сібір» және Молдованың «ЦСКА-Рапид» командаларымен жолдастық кездесулер өткізеді
Новосібірліктер Ресейдің Ұлттық футбол лигасында алғашқы 2 айналымның қорытындысы бойынша 5-інші орында келеді. Шотландиялық Алекс Миллер жаттықтыратын «Сібір» командасы Түркияның Сиде қаласындағы оқу-жаттығу жиынын 4 қаңтарда бастаған болатын. Ол 17 желтоқсанға дейін созылмақ. Новосібірлік аяқдошылардың арасында Ұлттық футбол лигасында мергендердің үздік бестігіне енген 2 ойыншы бар. Олар - шабуылшы Дмитрий Акимов пен жартылай қорғаушы Максим Астафьев.
Бұл, Олег Протасов жаттықтыратын астаналықтардың жаңа маусымға әзірлік кезіндегі шетелдегі тұңғыш жиыны. Жаттығулар 21 қаңтарға дейін созылады. Бұл жиында олардың екінші жолдастық кездесуі 20 қаңтарда Кишинев қаласының Жоғарғы лигада өнер көрсететін «ЦСКА-Рапид» командасымен өтпек. Қазір Молдова аяқдопшылары 17-інші турдан кейін 11-інші орында келеді. Бұл олардың қазақстандықтармен осы маусымда өткізетін 3-інші кездесуі болмақ. Еске салайық олар кеше Қарағандының «Шахтерімен» күш сынасқан еді. Ал 18 қаңтарда молдовалықтар «Таразбен» кездеспек.