«Астаналық» аяқдопшылар сырт алаңда Болгарияның «Ботевімен» қарымта кездесу өткізеді

АЛМАТЫ. 11 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Болгарияның Бургас қаласында «Астана» футбол клубы Пловдив қаласының «Ботев» командасымен Еуропа лигасының дәрежелік раундындағы қарымта кездесуін өткізеді.
None
None

Астаналықтардың бас бапкері Мирослав Беранек бұл жолы Қайрат Нұрдаулетов, Таңат Нөсербаев, Ұлан Қонысбаев, Бауыржан Исламхан, Марат Шахметов, Фокси Кетевоама, Виктор Дмитренко, Зелао, Ненад Эрич, Дамир Кояшевич және команданың жаңа легионерлері Блажо Игуманович пен Сисеруға үміт артпақ.

Бұған дейін олар өз алаңында қарсыласына 0:1 есебімен есе жіберген болатын. Станимир Стоилов баптайтын пловдивтіктер 2011/12 жылғы маусымда «Б» тобында 2-ші орын алып, «А» тобына шыққан болатын. 2013/2014 жылғы маусымда ел чемпионатында 16 команданың арасында 4-ші орында келе жатыр. Бұған дейін атауын 11 рет өзгерткен бұл команда қазіргі атын 1989 жылы иеленген болатын. Негізі 1912 жылы қаланған «Ботев» өз тарихында 2 рет (1929, 1967) ел чемпионы, 2 рет күміс (1963, 1986), 12 рет қола (1930, 1943, 1957, 1961, 1981, 1983, 1985, 1987-88, 1993-95) жүлдегер атанған көрінеді. Сондай-ақ 2 рет ( 1962, 1981) ел кубогын иеленіп, 1972 жылы Балқан кубогының жеңімпазы болған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум