Астаналық әйел донорлықпен төрт адамның өмірін құтқарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық дәрігерлер отандық медицина тарихында үшінші рет жүрек алмастыру бойынша ота жасады. Донорлыққа рұқсат берген 72 жастағы кейуана еліміздің төрт бірдей азаматының өмірін ұзартты. Бұл туралы ұлттық Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.
Ағымдағы жылдың 1 ақпанында орталыққа теміржол ауруханасынан 47 жастағы науқастың бас миының өлімі белгілегені туралы ақпарат түскен. Қаза болған азаматтың анасы қайғыға қарамастан, баласының органдарын донор ретінде пайдалануға рұқсатын берген.
Белгілі болғандай, марқұм отбасын құрмаған жалғызбасты жан болып шықты. Туыстарынан анасы мен жалғыз ағасы мен қарындасы бар екен. Артында қалған туғандары марқұмның органдарын донор ретінде пайдалануға келісімді өздері берген. Соның арқасында 3 әйелге реципиент жасалып, тағы бір ер адамға жүрек алмастырылды. Қазір ота жасалған науқастардың жағдайы қалыпты.
Хабарламада үшінші рет жүрек алмастыру отасын жасауға дайындық кезінде елордалық теміржол ауруханасының мамандары көмектескені де айтылған.