Астаналық Б.Исмадиеваның үйінде 1945 жылы 10 мамырда жарық көрген газет сақтаулы (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының тұрғыны Бақыт Исмадиеваның үйінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің тарихы туралы баяндайтын 1945 жылдың 10 мамырында жарық көрген «Правда» газетінің саны сақталған, деп хабарлады astana.gov.kz.
Аталған газет беттерінде бейбіт келісімге қол қойылғаны және соғыстың аяқталғаны туралы мақалалар жарық көрген. Бақыт Исмадиеваның әкесі Әйткен Исмадиев - ҰОС ардагері. Ал анасы Рымжан Нұрмағамбетова соғыс жылдарында әнші болған, опералық арияларды орындаған. Соғыс кезінде жауынгерлердің рухын көтеру үшін майданда өз труппасымен шағын концерттер қойған. Р. Нұрмағамбетова 4 жыл бойы соғысқа аттанған жолдасын күткен сол кездегі көп әйелдің бірі еді. Соғыстың аяқталғаны туралы хабар айтылған соң оған көз жеткізу үшін ертесінде жарық көрген газетті сатып алады. Аталған газет бүгінде отбасы құндылығына айналып отыр.