Астаналық балалар мектепке онлайн тәртіппен қабылданады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Елорда әкімдігі алдағы жылдан бастап балаларды мектепке қабылдау қызметін автоматтандырмақ. Бұл туралы бүгін Астана қаласы педагогтарының дәстүрлі тамыз кеңесінде мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі кезде Астанадағы білім беру жүйесінде мемлекеттік бес қызмет автоматтандырылды. Оның ішіне балабақшаға кезекке қою мен жолдама беру рәсімдері еніп отыр. Бұдан бөлек, 2018 жылдың 1 маусымына дейін балаларды мектепке қабылдау қызметін автоматтандыруды жоспарлап отырмыз», - деді кеңес барысында қала әкімі Әсет Исекешев.

Оның пайымынша, осындай жаңашылдықтар қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етуде маңызды бағыт болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, елорда әкімдігі мемлекеттік балабақшаларға жолдаманы электронды түрде беруді биылғы сәуірден бастап енгізді.

Соңғы жаңалықтар