Астаналық «Барыс» хоккей клубы қақпашымен қоштасты
АСТАНА. 24 шілде. ҚазАқпарат - Астаналық «Барыс» хоккей клубы қақпашы Алексей Ивановпен келісімшартты үзді, деп хабарлайды қазақстандық «Шайба.kz» спорт порталы.
24 жасар қақпашы екі маусым бойы Құрлықтық хоккей лигасының ойындарына бірде-бір рет команда сапында мұз айдынына шықпаған. Көбінесе ол Қазақстан чемпионатында жергілікті клубтардың намысын қорғаған.
А. Иванов астаналық клубқа 2 жыл бұрын «Авангардтан» келген. Өткен маусымда ол Қазақстан біріншілігінде «Барыс-2» және «Астана» сапында ойнады. Әлем чемпионатында 2 матчқа қатысты.