Астаналық «Барыс» хоккей клубы новокузнецкілік «Металлургтен» басым түсті - 4:3
АСТАНА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні Новосібірде А.Белосоховты еске түсіру турнирі аясында Астананың «Барыс» хоккей клубы новокузнецкілік «Металлургтен» 4:3 есебімен басым түсті,
деп хабарлайды «Барыс» хоккей клубының фан-сайты.
Барыстықтар командасында бұл жолы мыналар көзге түсті: К.Глазачев, Р.Старченко, С.Гимаев және команда капитаны - К.Даллмэн.
«Барыс» (Астана) - «Металлург» (Новокузнецк) ойынының есебі - 4 : 3 (2:0; 1:2; 1:1).