Астаналық «Барыс» хоккейшілері «Лев» командасын ұтты

ТАНА. 21 қарша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Кеше кешкісін Құрлықтық хоккей лигасы аясында Астанада өткен ойында елордалық «Барыс» словакиялық «Лев» хоккей командасын өз айдынында 2:1 есебімен ұтты.
None
None

Атап айтқанда астаналық хоккейшілер ұпай жинауда соңғы кезде оңтайлы ойындарын көрсетіп келеді. Кешегі кездесуінде олар «Лев» командасынан негізгі ойыннан кейінгі овертаймда басым түсті.

Тартысты доданың бірінші кезеңінде айдын иелері басымдық көрсетсе де, қонақтар өз аумағында қорғаныстың жоғары шеберлігін байқатты. Осының салдарынан елордалық команда есеп ашу мүмкіндігіне қол жеткізе алмады. Ойынның екінші кезеңінде словакиялық команданың оқтын-оқтын шабуылдар ұйымдастырды. Олар 25 минутта «Барыстың» қақпасынан саңылау тауып, есеп ашты. Тек ойынның үшінші кезеңінде ғана айдын иелері есепті теңестіре алды. Кездесудің негізгі кезеңдері 1:1 есебімен аяқталғандықтан, қос командаға овертаймда тартысқа түсу мүмкіндігі берілді. Бұнда астаналық команда басым түсті. Осы ойынды 2:1 есебімен жеңіспен аяқтаған «Барыс», 37 ұпаймен Шығыс конференциясында 4 орында тұрақтады. Енді елордалық хоккейшілердің келесі кездесуі Астанада 22 қарашада «Динамо» командасымен (Минск) өтеді.

Соңғы жаңалықтар