Астаналық «Барыс» хоккейшілері Минскінің «Динамосын» 4:2 есебімен жеңді - ҚХЛ
СТАНА. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат - Астаналық «Барыс» хоккей командасы Құрлықтық хоккей лигасының аясында өткен кешегі ойында Минскінің «Динамосын» 4:2 есебімен жеңді,
деп хабарлады Қазақстанның Шайбалы хоккей федерациясының баспасөз қызметінен.
Бірінші кезеңде «барыстар» қонақтарға 0:1 есебімен есе жіберіп алған болатын. Бірақ кейінгі кезеңдерде айдын иелері нағыз спорттық мінез көрсете білді. Әсіресе, азшылықта салынған Брендон Боченскидің шайбасы жанкүйерлерді қуантып тастады. Екінгі кезең 4:2 есебімен, астаналықтардың жеңісімен аяқталды.
Үшінші кезеңде бірде-бір шайба салынған жоқ.