Астаналық «Барыс» Ұлттық хоккей лигасынан ойыншы сатып алды
АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - Астаналық "Барыс" хоккей клубы америкалық Майк Ландинмен келiсiмшартқа отырды, деп хабарланды клубтың ресми сайтынан.
28 жасар хоккейшi өткен маусымда Ұлттық хоккей лигасындағы "Оттава Сенаторс" командасында өнер көрсеткен болатын. Қорғаушы канадалық клубтың сапында 11 ойын өткiзiп, 1 ұпай жинаған болатын.
Айта кетейiк, Ландин "Оттаваға" "Миннесотадан" ауысып, 1,15 млн. долларға бiржылдық келiсiм жасасқан.