«Астаналық» базарында жастарға арналған консультация ұйымдастырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» коммуналды мемлекеттік мекемесі ағымдағы жылдың 27 маусымында жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен жастарға консультациялық көмек көрсету бойынша іс-шара ұйымдастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл жөнінде аталмыш мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Бұл шара «Астаналық» базарында жұмыскерлер мен сауда орталығының келушілеріне арнап өткізіледі. Әрбір азамат өзінің қалаған сұрағымен «Жұмыспен қамту орталығы», «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ,  Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және т.б. мекемелердің өкілдеріне жолыға алады. Сонымен қатар, кәсіби заңгер мен психолог маман консультация жүргізеді.

Іс-шараның өткізілу мақсаты - жастарды қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан және жас қазақстандықтарға бағытталған мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру және қала тұрғындарына жеке сұрақтар бойынша консультациялық көмек беру.

Өткізілу уақыты: 27 маусым, сағат 11.00-13.00

Байланыс: 57-01-44, 8 702 626 626 3

Соңғы жаңалықтар