Астаналық Ботаникалық бақ жаңа ағаштармен толықты

Астанадағы Ботаникалық бақ Президенттің тапсырмасы бойынша салынуда. Жалпы аумағы 92 гектар, оның ішінде көгелдандыру аумағы - 587 мың шаршы метр. Бүгінде нысанның аумағына шамамен 50 мың көшет отырғызылды.
Астаналық әкімдік ұйымдастырған экологиялық акцияға АҚШ, Италия, Иордания, Иордания Хашимит Корольдігі және Ресейдің елшіліктері қатысты.
ҚР-дағы АҚШ елшісі Джордж Крол елорданың Ботаникалық бағына Солтүстік Дакотадан әкелінген 10 мың емен ағашын сыйлады. Италия елшілігі миссиясы басшысының орынбасары Маттео Петрини 3 шетен ағашын отырғызды, Иордания Хашимит Корольдігінің елшісі Ахмад Идрис Иннаб аққайың ағашын отырғызды. Ресей Федерациясының елшілігін РФ-дағы кеңесші-елші Александр Мусиенко өз елдерінен әкелген аққайың ағашын отырғызды.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Қала күнін тойлау құрметіне орай Польша билігі сыйлық ретінде қала тұрғындарына Еуропаның жүргенінен жөке, емен, алма және шетен ағашын әкелді.
Ботаникалық бақта қара аққайың, қызыл үйеңкі, үшкір жапырақты үйеңкі, суармалы үйеңкі, қарапайым арша, манчжур жаңғағы, сібір майқарағайы және көшеттердің өзге де түрі ұсынылған. Онымен бірге бақ аумағында екі жылыжай жұмыс істейтін болады.
Айта кетейік, Ботаникалық бақ осы жылдың күзінде ашылады.