«Астаналык цирк» БАҚ арасында қалалық шығармашылық байқау жариялады

АСТАНА. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - «Астаналык цирк» бұқаралық ақпарат құралдары арасында «Астана циркі - Астана мақтанышы» атты қалалық шығармашылық байқау жариялады,

«Астаналык цирк» БАҚ арасында қалалық шығармашылық байқау жариялады
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталмыш байқаудың мақсаты ? елорда мақтанышына айналған циркте өткен сан алуан шараларды насихаттау, сол арқылы астаналық цирктің елордалық мәдениеттегі имиджін қалыптастыру, жас өнер ұжымындағы талант иелерін кеңінен насихаттау. аталмыш шара бірнеше аталымдар бойынша өткізіледі. Олар ? «Астана циркіндегі әлем таныған тұлғалар» (мақалалар, теле-радиохабарлар); «Астаналық цирктегі сенсация» (ең үздік журналистік зерттеу); «Цирктегі танымал журналист» (Жыл бойына цирк туралы ең көп жарияланым дайындаған журналист). Шығармашылық сайыс осы аталымдар бойынша 2009 жылғы сәуірдің 16-сы мен желтоқсанның 25-сі аралығында өтеді. Ал қорытындысы желтоқсанның 28-інде жария етіледі. Байқауға жолданған жұмыстар жабық конвертке салынып, сыртына «Астаналық цирк» МКҚК-ының «Астана циркі - Астана мақтанышы» атты байқауына» деп көрсетіліп, мына мекенжайға жолданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 5-ші үй. Байланыс телефондары: (7172) 24-42-05, факс 24-43-10.