Астаналық цирк «Махаббатпен, Астана!» ұлттық бағдарламасына шақырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 24-25 маусымда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Астаналық циркте «Махаббатпен, Астана» ұлттық бағдарламасы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Астаналық цирк «Махаббатпен, Астана!» ұлттық бағдарламасына шақырады

Көрермендер астаналық цирк өнерпаздарының номерлерін тамашалайды: әуе гимнасттары, эквилибристер, жонглерлер - виртуоздар, орыс таяғындағы акробаттар, үйретілген иттер, далматиндер, көгершіндер, шотландиялық пони, түйелер, аюлар, маймыл Джуди және т.б.

Кештің ерекше қонақтары - Кадылбек Кунгужинов жетеклік ететін аңызға айналған «Сарыарқа жігіттері» атты-акробатикалық ансамблі, ол алты жыл бойы Қытайда гастрөлде болған, енді ЭКСПО қарсаңында еліне оралды.