Астаналық екі каратэші Азия чемпионатына қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық екі спортшы Әлішер мен Біржан Қабдоллаевтар маусымның 24-і мен 26-сы аралығында Ақтауда өткен каратэ-додан Қазақстан Республикасының чемпионатының алтын жүлдегерлері атанды.
None
None

Жеңімпаздар Қазақстан құрамасының сапында қараша айында Индонезия да өтетін Азия чемпионатына қатысады.

Әлішер мен Біржан Қабдоллаевтар Астана қаласы әкімдігінің «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебінде аға бапкер Мейрамгүл Дукуеваның жетекшілігімен жаттығады. Бапкердің айтуынша, балалар жеңіске жету жолында табандылық танытқан.

- Әлішер 8 жасынан жаттығып жүр, қазір ол 19-да. Ол 18-20 жас санатында 60 кг дейінгі салмақта кумитэ бағдарламасы бойынша топ жарды. 15 жасында республика чемпионатының жүлдегері және чемпионы болған, ал биыл республикалық құрамамен бірге Азия чемпионатына барады, - дейді Мейрамгүл Дукуева.

Біржан Қабдоллаев 16-17 жас санатында ката бағдарламасында алтын алды. Ол да еліміздің құрама командасымен Азия чемпионатында бағын сынайтын болады, деп хабарлайды astana.kz. 

Соңғы жаңалықтар