Астаналық экономикалық форумға 6-7 Нобель сыйлығының лауреаты қатысады - Мемлекет басшысы
«Алдымызда көп халықаралық шаралар тұр. Ендігі айдың басында Астаналық экономикалық үлкен форум болады. Экономика бойынша Нобель сыйлығының 6-7 лауреаты келеді деп күтілуде», - деді Елбасы.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы одан кейін 68 мемлекеттің өкілдері бас қосатын Еуропалық даму банкінің еліміздегі ауқымды жиыны, Ислам елдерінің сыртқы істер министрлерінің форумы өтетіндігін еске салды. Н.Назарбаевтың атап өтуіне қарағанда, сыртқы істер министрлерінің форумына көптеген ислам елдерінің басшылары келеді деп күтілуде.
«Сондықтан бұл жағынан ауқымды, дүниежүзілік үлкен шаралар бар. Ал енді өзіміздің еліміздегі шаралар одан да көп. Сыртқы саясатымызды, ішкі саясатымызды халық дұрыс деп санады деп білемін. Біз осыны ары қарай дамыта береміз», - деді ҚР Президенті.