Астаналық экономикалық форумға құрамында сенаторлар, экс-премьер мен бизнес өкілдері бар иорданиялық делегация қатысады

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - 22-24 мамыр аралығында өтетін V Астаналық экономикалық форумның жұмысына иорданиялық делегация қатысатын болады.
None
None

Оның құрамында сенаторлар, елдің экс-премьері мен бизнес қауымдастық өкілдері бар. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Мерейтойлық V Астаналық экономикалық форумға қатысатын иорданиялық делегацияның құрамына қазігі күні белгілі болғандай, Иордания Парламентінің сенаторлары Хаммад Маайта және Мұхаммад әль-Аззам, Иорданияның бұрынғы премьер-министрі Петр Университетінің президенті Аднан Бадран, сондай-ақ аталған елдің ірі бизнес қауымдастығының өкілдері кіріп отыр», - делінген баспасөз айғағында.

Бұдан бөлек, СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы ауқымды шараға Ирак елінің туризм министрі Леуа Шмайсим бастаған делегация да қатысатын болады.

Соңғы жаңалықтар