Астаналық футболшылар Түркияда жергілікті командамен жолдастық кездесу өткізіп 6:1 есебімен басым түсті

АЛМАТЫ. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Астананың «Локомотив» футбол клубы Түркияда бірінші дивизонда өнер көрсететін жергілікті командамен жолдастық кездесу өткізіп 6:1 басым түсті,

Астаналық футболшылар  Түркияда жергілікті командамен жолдастық кездесу өткізіп 6:1 есебімен басым түсті
деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сергей Юран жаттықтыратын астаналық клубтың Түркиядағы бұл оқу-жатығу жиыны маусымның 9-ына дейін созылмақ. «Локомотив» одан кейін Астанаға оралып Премьер-лиганың кезекті тур ойындарына дайындығын тағы да пысықтай түседі деп жоспарлануда. Олар маусымның 15-і күні Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда 11-шы тур ойынын Өскеменнің «Восток», ал 23-і күні 12-ші турды қазіргі таңда турнир кестесінде көш бастап келе жатқан Ақтөбенің «Ақтөбе» командасымен өткізеді.