Астаналық гольф клубтың аумағында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіріп келген карьер табылды

АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астанада гольф клуб аумағында пайдалы қазбаларды өндіруді жолға қойған заңсыз карьер табылды.

Астаналық гольф клубтың аумағында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіріп келген карьер табылды

Бұл туралы бүгін Астана қаласы бойынша қаржы полициясы департаментінің баспасөз хатшысы Гүлжанат Құштарова мәлім етті.

Оның айтуынша, онда карьер жасырын жұмыс істеген, оншақты жүк көлігі мен бірнеше экскаватор пайдаланылған.

«Карьерлік өндіріп алу 2 гектардан артық жерді алып жатты, ал оның тереңдігі кей жерлерде 15 метрге дейін жетеді», - деп атап көрсетті ол.

Қазіргі уақытта «Заңсыз кәсіпкерлік» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.