Астаналық хоккейшілер Александр Белосоховты еске түсіруге арналған турнирде екінші орынға ие болды
АЛМАТЫ. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Ресейдің Новосібір қаласында өз жалауын түсірген А.Белосоховты еске түсіруге арналған турнирде Астана қаласының "Барыс" хоккей клубы екінші орынға ие болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тамыздың 16-сы күні жалауын көтерген бұл жарысқа Қазақстаннан - 1, Ресейден - 4 хоккей клубы қатысты. Төрт күндік сында Новокузнецк қаласының "Металлург» клубы турнир жеңімпазы атанды. "Барыс" алғашқы екі ойында алдымен алаң иелерін (5:4) одан кейін омбылықтарды (2:1) ұтып, үшінші ойында "Амурға" 1:2 есебімен есе жіберіп алған болатын.