Астаналық Ішкі істер департаменті үздік қызметкерлерді марапаттады

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Астаналық Ішкі істер департаменті үздік қызметкерлерді марапаттады.
None
None

Бұл туралы бүгін болған баспасөз мәслихатында қалалық ІІД Тергеу жөніндегі басқармасының бастығы Ғұмар Шыныбеков айтты.

«Кеше Астана қаласы ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттады»,-деді ол.

Атап айтқанда, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медалімен және ҚР ІІД Грамотасымен Шолғыншы полиция полкінің қызметкерлері, полиция сержанттары Жәнібек Әбдірәшітов пен Марат Рахымжанов марапатталды. Олар мұздай суға батып бара жатқан қызды құтқарып қалған.

Сонымен қатар №5570 әскери бөлімінің қызметшілері Алтынбек Алғиев пен Ерсайын Елеуов те ІІД бастығының алғыс хатымен марапатталды. Олар тиісті шаралар қабылдау нәтижесінде бірнеше қарақшылық шабуыл жасаған қылмыскерлерді ұстады.

Соңғы жаңалықтар