Астаналық Ішкі істер департаментінің бастығы соғыс ардагерлеріне мерейтойлық медальдарды табыс етті

АСТАНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Астана қалалық Ішкі істер департаментінің бастығы Марат Демеуов, ҚР Президенттік Мәдениет орталығында ардагерлерді Жеңістің 65 жылдығымен құттықтап,
None
None

оларға мерейтойлық медальдарды табыс етті.

Мерекелік шараға ішкі істер органдарында жұмыс істеген Ұлы Отан соғысының - 14 және оларға теңестірілген - 4 ардагері, сондай-ақ 19 тыл еңбеккері мен қаза тапқан жауынгерлердің 20 зайыбы қатысты.

М.Демеуов қарияларды алдағы мерекемен құттықтай келе: «Біз биыл Жеңістің 65 жылдығын атап өткелі отырмыз. Елбасы Н.Назарбаевтың тікелей тапсырмасына сәйкес бұл айтулы дата жер-жерлерде салтанатты түрде атап өтіледі. Қан майданда жаумен күресіп, елі мен жері үшін кеуделерін отқа тосқан азаматтардың есімдері ешқашан ұмытылмайды», - деп атап өтті.

ІІД бастығы олардың барлығына «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерейтойлық медальдарын табыс етіп, Ішкі істер министрлігі мен ведомство жанындағы Ардагерлер кеңесінің бастамасымен, ішкі істер қызметкерлерінің бір күндік жалақысы есебінен, олардың әрқайсысына мемлекеттік бюджеттен тиесілі 65 мың теңгеден бөлек, тағы 55 мың теңге берілетінін жеткізді.

Ардагерлер шара барысында ұйымдастырылған концертті тамашалағаннан кейін, мерекелік дастарханға шақырылды.

Соңғы жаңалықтар