Астаналық «Қар қабыланы» клубы Халықаралық хоккей лигасына шығу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - ХХЛ жаңа басқарушы директоры Алексей Морозов ХХЛ чемпионатында енді шетел командалары болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлады Sports.kz ХХЛ ресми сайтына сілтеме жасап .
«Чемпионатта мұндай талап жоқ. Шетел клубтары үшін біріншілік ашық, алайда, мысалы, Зальцбургтен «Ред Булл» ойыннан бас тартты», - деді Морозов.
ХХЛ чемпионатында Беларусь, Латвия, Словакия, Украина, Австрия, сондай-ақ Қазақстаннан «Қар қабыланы» қатысты.