Астаналық көлік жүргізушілер мемлекетке 2,1 млрд теңге қарыз

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Астана қаласының полиция басқармасымен және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп автокөлік құралдары үшін салық берешегін өндіріп алу бойынша «Борышкер» жедел-алдын алу іс - шарасы өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астаналық көлік жүргізушілер мемлекетке 2,1 млрд теңге қарыз

Бүгінде жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешегінің жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеге жеткен.

Рейдтік іс-шараларды өткізу барысында 97 млн теңге өндірілді.

«Іс-шараларды өткізу барысында Lexus, Toyota Land Cruiser, Mercedes Benz, Tundra маркалы және қозғалтқыш көлемі 4 000 текше см-ден асатын 20-дан астам көлік айыппұл тұрағына қамалды», - деді ведомстводан.

Алдағы уақытта іс-шара жыл соңына дейін тұрақты түрде жалғасатын болады.

Бұл ретте kgd.gov.kz сайтының және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшалары мен екінші деңгейдегі банктер көмегімен қарызды тексеруге болады.