Астаналық құтқарушылар адам өмірін сақтау бойынша арнайы іс-шаралар өткізбек

АСТАНА. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Келесі аптада ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Есіл өзенінің жағажайында суға кеткен адамды құтқару бойынша халыққа түсіндіру жұмыстарын өткізеді.

Астаналық құтқарушылар адам өмірін сақтау бойынша арнайы іс-шаралар өткізбек
Бұл туралы бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде өткен брифингте баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы Эльдар Райымбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, келесі аптаның жұма күніне жоспарланып отырған іс-шара кезінде кәсіби құтқарушылар елордалықтарға суға кеткен адамның өмірін сақтап қалу үшін жасалатын алғашқы медициналық көмекті көрсетіп, осы санаттағы оқиғалар бойынша арнайы түсіндіру жұмыстарын өткізбек. Э. Райымбековтың сөзіне қарағанда, бүгінде Астана қаласы Есіл өзенінің жағажайында күн сайын бір мыңға жуық адам тынығып, суға түсіп жатады. «Осы іспетті іс-шаралардың арқасында біз суға түсу кезіндегі қауіпсіздік іс-шараларын күшейтіп, халықты абай болуға шақыруды көздеп отырмыз», - дейді Э.Райымбеков.