Астаналық «Локомотив» Ташкентте «Пахтакор» командасымен жолдастық кездесу өткізеді
АЛМАТЫ. Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстан Премьер-лигасында көш бастап келе жатқан Астана қаласының «Локомотив» футболшылары наурыздың 30-ы күні Ташкентте жергілікті «Пахтакор» клубымен жолдастық кездесу өткізеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Қазіргі таңда астаналықтар өз дайындықтарын Алматыда пысықтауда. Олар наурыздың 29-ы күні Өзбекстан астанасына барады», дейді клубтың баспасөз хатшысы Марат Исабаев. Қазір Сергей Юран жаттықтыратын «Локомотив» футбол клубы ел чемпионатының Премьер ?лигасында 9 ұпаймен көш бастап келе жатыр. Олар бірінші турда Сәтбаевтың «Қазақмысын» 4:3, екінші турда Қызылорданың «Қайсарын» 4:0, ал үшінші турда Петропавлдың «Қызылжарын» 1: 0 есебімен ұтқан болатын.