Астаналық «Локомотивтың» 4 ойыншысы ертең «Ордабасы» командасымен кездесуден кейін оқу-жаттығу жиынына аттанады

         АЛМАТЫ. Тамыздың 7-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ұлттық құраманың Алматыдағы оқу-жаттығу жиынына шақырылған астаналық ойыншылар оған  «Ордабасы» командасымен ертең өз алаңында өтетін  кездесуден кейін аттанбақ,

Астаналық «Локомотивтың» 4 ойыншысы ертең «Ордабасы» командасымен  кездесуден кейін оқу-жаттығу жиынына аттанады

 деп хабарлайды ҚазАқпарат «Локомотив» футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

         Премьер-лигадағы 18-ші турдың бұл матчына павлодарлық Игоь Алегин қазылық жасайды. Астаналықтар бұған дейін И. Алегиннің қазылығымен өткен 2 кездесуде де жеңіске жеткен болатын. Оның алғашқысы Қазақстан кубогы аясында сәуірдің 25-і күні Қарағандыда жергілікті «Гефест» командасымен өтіп, онда қонақтар 2:0 есебімен басым  түсті. Ал мамырдың 24-і күні Алматыда талдықорғанның «Жетісу» командасын  1:0 есебімен  ұтты.

         Ұлттық құраманың  тамыздың 9-13 күндері Алматыда өтетін  оқу-жаттығу жиынына бас бапкер Бернд Шторк бұл жолы астаналықтардан 4 спортшыны шақырып отыр. Олар  -  қорғаушы Ренат Абдулинмен ДамирДаутов және  жартылай қорғаушы  Жамбыл Көкеев пен Андрей Карпович.  Сергей Юранның тәлімгерлері бұл  жиыннан оралған соң Премьер-лига командаларының кестесі бойынша тамыздың 16-сы күні Қарағандыда «Шахтер» командасымен өтетін кезекті ойынға қатысатын болады.