Астаналық мамандар темекіден бас тартуға көмектеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік темекіден бас тарту күніне орай Астанада бір ай бойы салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады, деп жазады қалалық әкімдіктің ресми сайты.
None
None

Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 1-31 мамыр аралығында қалалық емханаларда Ашық есік күндері, семинар-тренингтер өткізіледі. Онда нарколог, әлеуметтік қызметкер, психологтар тегін кеңес береді.

Темекіні тұтыну денсаулыққа орасан зор зиян тигізеді. Жыл сайын әлемде темекінің кесірінен 5 миллиондай адам ажал құшады. Әр 6 секунд сайын темекіден шамамен бір адам қаза табады.

Дүниежүзілік темекіден бас тарту күні 1988 жылдан бері 31 мамырда дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымымен аталып келеді.

Соңғы жаңалықтар