Астаналық мәслихат депутаты шетел тұлғаларына көше атауын беруге қарсы шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада шетелдің танымал тұлғаларының гөрі отандық тұлғаларға есім беру ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақ қонақжай халықпыз ғой. Басқа мемлекеттің басшылары келіп жатса, сол елдің тарихи тұлғасына көше атауын береміз. Негізі бұл дұрыс емес. Сыртқы істер министрлігі Президентке сілтейді де, ананың, мынаның атына көше бер дейді. Қазақстанға ол ел басшысы келеді, кетеді. Ал көше мәңгілікке қалады, сонда біз өз балаларымызға не дейміз? Мысалы, Ұлыбританияның патшайымы Екатерина ІІ атына сквер атауын бердік. Оның бізге қандай қатынасы бар? Өз тұлғаларымыз жоқ па? Неге біз бұл мәселені ойластырмаймыз?», - деді Бауыржан Смайылов қалалық мәслихаттың отырысында.

Оның айтуынша, көше атауын беруде жоғары жаққа сілтей бермей, нақты ұсыныс айту қажет.

«Біз саясатты түсінеміз, бірақ мәселені жан-жақты қарау керек. Сонымен қатар көшелерді ресми түрде ашуымыз қажет. Одан бөлек, кейбір көше атауын екі рет беріп жатырмыз. Мысалы, астанада Алпамыс көшесі және Алпамыс батыр көшесі бар. Бұл жердегі проблема, такси және жедел жәрдем шақырғанда қателеседі. Бұны бір тәртіпке келтіру керек. Бұған дейін де қанша рет айтып келеміз», - дейді елорда мәслихатының депутаты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, астанада елімізге және әлемге танымал тұлғалардың көшелері пайда болмақ.


Соңғы жаңалықтар