Астаналық мектеп оқушысы жүрегіндегі ақаудан өлуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада мектеп оқушысының өлімі жүректегі ақаудан болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астаналық мектеп оқушысы жүрегіндегі ақаудан өлуі мүмкін

«Бастапқы нұсқаға сәйкес, бала жүректегі ақаудан көз жұмуы мүмкін. Толық ақпарат баспасөз хабарламасы түрінде таратылатын болады», - деді ҚазАқпарат тілшісіне қалалық білім басқармасының баспасөз қызметінен.

Астана қалалық ІІД ақпаратына сәйкес,  14 жастағы баланың зорлық-зомбылық белгісі жоқ мүрдесі 30 қараша күні сағат 13.00-де №59 мектептің оқу сыныбында табылған.

«Полиция қызметкерлері №59 мектептің оқу сыныбында табылған 2002 жылы дүниеге келген кәмелетке толмаған жасөспірімнің өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі София Қолышбекова.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада мектеп оқушысы жұмбақ жағдайда көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.