Астаналық оқушылар арасында Президенттің өмірбаянын білу бойынша блиц-жарыс өтеді

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында өткізіліп жатқан астаналық мектеп оқушыларының көшбасшылары арасындағы байқаудың ақтық кезеңіне 20 қатысушы өтті. Олар 10-11 сынып оқушылары. Бұл туралы Астана қалалық әкімдігінің сайтынан хабарлады.
None
None

Байқауға 48 мектептің оқушылары қатысты. Сарапшылар комиссиясының мүшелері олардың ішінен үздік 20 адамды іріктеді. Қараша айының екінші онкүндігінің басында олар байқаудың ақтық кезеңінен өтуі тиіс.

«Оған жалпы ой-өрісті тексеретін «Бәйге», «Тарихтағы ұлы тұлғалар», Н.Назарбаевтың өмірбаяны бойынша «Блиц-жарыс», «Шешен» - белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу сияқты кезеңдер кіреді», - деп хабарлады Астана қаласы білім басқармасының бастығы Әсима Бимендина.

Байқаудың бас жүлдегері, сондай-ақ түрлі аталымдардағы жүлдегерлердің есімдері 20 қарашада Оқушылар сарайында жарияланады.

«Осындай байқаулар өскелең ұрпақтың болашақ көшбасшыға қандай қасиеттер керек екенін білуі үшін керек», - дейді ұйымдастырушылар.

«Байқауға қатысушыларды дайындықтың басты орны Тұңғыш Президент мұражайы болды, онда олар дереккөздермен, Президент қолжазбаларымен, Мемлекет Басшысы туралы көптеген әдебиеттермен танысуға мүмкіндік алды. Мұражай қорында Президенттің өмірбаяны туралы көптеген кітаптар бар. Тұңғыш Президент күні қала мектептерінде алғаш рет атап өтіледі. Ол ерекше мерекеге айналады», - деп атап өтті Ә.Бимендина.

Байқаудың ұйымдастырушылары - Астана қаласының ішкі саясат басқармасы және білім басқармасы. Оның мақсаты - жас ұрпақты білімге, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Байқауға қатысу үшін негізгі талаптар - негізгі мектеп пәндері бойынша жақсы бағалардың болуы, логикалық және психологиялық тапсырмаларды орындай алу, ой-өрістің кең болуы, қоғамдық өмірге белсене араласу, көшбасшылық және шешендік қасиеттердің болуы.

Соңғы жаңалықтар