Астаналық оқушыларға отандық фильмдер тегін көрсетілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскелең ұрпақ қазақ халқының тарихы мен мәдениетін танып-білуі үшін елордалық оқушыларға «Ұлы даланың мұрасы» киножобасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
None
None

Жоба аясында 22 қарашадан бастап Астана қаласының барлық кинотеатрларында 5-11 сынып оқушылары үшін қазақтың болмысы мен дәстүрі паш ететін «Жаужүрек мың бала», «Алмас қылыш», «Анаға апарар жол», «Жерұйық», «Құнанбай», «Жұлдыздар тоғысқанда» отандық фильмдері тегін көрсетіледі.

«Жастарға көрсетілетін барлық туындылар - тарихи фильмдер және бұл бекер емес. Мемлекет басшысы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ұлттық тарихты біліп-танудың маңызын ерекше атап өтті», - деді Астана қаласы Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин.

Ол тарих үшін намыс және патриотизм сезімін ояту мектеп қабырғасынан басталуы тиістігін атап өтті. «Біздің ойымызша, отандық кинематограф арқылы оқушыларымыз қазақ халқының ежелгі ғасырлардан қалыптасқан құндылықтарын терең сезіне алады», - деп атап өтті ол.

Бүгін «Керуен» сауда, ойын-сауық орталығында «Жаужүрек мың бала» кинокартинасы көрсетіліп, оны бірден бірнеше мектептің оқушылары тамашалады.

«Өскелең ұрпақ үшін кино - тарихи құндылықтарды алға жылжытудың ең үздік арнасы. Фильмдер арқылы балалар жарқын тарихи мысалдарға назар аударып, Отанға деген нағыз махаббаттың, жақындары мен достарының құрметі мен қолдауы не екенін түсінеді», - деп атап өтті Д.Есин.

Кинофильмдерді 2018 жылдың соңына дейін көрсету жоспарланып отыр. Оларға қаланың барлық мектеп оқушылары қатысады. Ұйымдастырушы - Астана қаласының әкімдігі.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум