Астаналық өрт сөндірушілер 68 жастағы әйелді құтқарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық өрт сөндірушілер егде жастағы әйелді құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астаналық өрт сөндірушілер 68 жастағы әйелді құтқарды

12 ақпанда елорданың сол жағалауындағы тұрғын үйлердің бірінде жалын шарпыған пәтерден қарт кісі құтқарылды.

Елордалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Мәңгілік ел көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйде өрт шыққаны туралы кезекті қоңырау бойынша шықты.

Үшінші қабатта 25 шаршы метр аумақта үй заттары, жиһаз жанған.

Құтқарушылар адамдарды құтқару, эвакуациялау және өртті сөндіруге дереу кіріскен.

Тілсіз жаумен арпалыс барысында өрт сөндірушілердің жедел әрекеті мен кәсібилігінің арқасында жоғарғы қабаттағы пәтерден құтқару маскасының көмегімен баспалдақ маршы арқылы 1954 жылы туған әйел құтқарылды.

Жалынды ауыздықтауға Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамынан 27 адам және 5 техника жұмылдырылды.