Астаналық өрт сөндірушілер төрт баланы құтқарып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Бүгін Астанада қаласындағы екі қабатты үйлердің бірінен өрт шыққан. Подъезде орналасқан электр қалқандағы сымдар тұйықталып, өрттің таралуына себеп болды. Кіреберіс толығымен түтінделіп кетті. Ал екінші қабаттың тұрғындары өз үйінде қамалып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана қаласының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астаналық өрт сөндірушілер төрт баланы құтқарып алды

«Өрт сөндірушілер бірден арнайы баспалдақты қолданып, терезе арқылы адамдарды құтқаруға кірісті. Өкінішке орай, қалың түтіннің салдарынан баспалдақ алаңы арқылы адам эвакуациялау мүмкін болмады», - дейді аға лейтенант Кенжеғұлов.

Шұғыл шаралардың нәтижесінде 5 адам құтқарылды. Олардың ішінде төртеуі - бала.

«Төтенше жағдайлар кенеттен болуы мүмкін, бұндай жағдайларға әр уақытта дайын болу керек және өрт қауіпсіздігі ережелеріне салғырттықпен қарауға болмайды», - дейді құтқарушылар.